Павлодар облысында полицейлер биыл 205 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолын кесті

Павлодар облысында полицейлер биыл 205 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолын кесті, деп хабарлайды BAQ.KZ. Жыл соңына қарай Павлодар полицейлері анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша қорытынды жасады. Өткен жылы облыс бойынша полицейлер 205 мыңға жуық қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін бұзудың жолын кесті. 

Жылдамдық режимін бұзу және қарсы жолаққа шығу, бағдаршам сигналдарын елемеу және көлік құралын мас күйінде жүргізу аса қауіпті, – деп атап өтті Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.  Тәртіп сақшылары мұндай бұзушылықтар тек апаттарға әкеліп қана қоймайды, сонымен қатар жаяу жүргіншілер мен қозғалыстың басқа қатысушылары үшін қауіпті арттырады деп санайды. Ережені бұзған жүргізушілер бүкіл қоғам үшін үлкен қауіптің көзі.  Полицейлер қоғамдық тәртіпті бұзудың жолын кесуге ерекше назар аударады: бұзақылық, қоқыс шығару және қоғамдық орындардың ластануы. Заң нормаларын сақтамайтын азаматтар басқа адамдарға құрметсіздік танытып, тыныштықты бұзып, айналасындағылардың қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.

ПІКІР ЖАЗУ