Пауэрлифтингтен жастар және жасөспірімдер арасында аудан біріншілігі жоғары деңгейде өткізілді

Төлеби ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 17 қыркүйек күні Ленгір қаласының «Алмас қылыш» спорт клубында «Төлеби ауданының 90 жылдығына» орай пауэрлифтигтен, жатып сығымдалудан жастар және жасөспірімдер арасында аудан біріншілігі өтті. Жарыстың ашылу салтанатында Төлеби ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің маманы Тасполатов Мақсат Досанұлы сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.

Жарыстың мақсаты мен міндеттері;

1.Дене шынықтыру және спортты әрі қарай бұқаралық дамыту,салауатты өмір салтын насихатау;

2.Аудан көлемінде пауэрлифтигтен спортының бұқаралығын арттыру және кеңінен насихаттау;

3.Спортшылар арасында есірткіге қарсы күресті насихаттау;

4.Төлеби ауданының құрама командасын сапына жас таланты спортшыларды іріктеу және Төлеби ауданының намысын қорғайтын спортшыларды анықтау;

5.Ауыл жастарын спортқа баули отырып, дамыту;

Жарыс нәтижесі бойынша:

48 келі салмақта: 1 орын Едіге Ермахан, 2 орын Махседбаев Нурсултан, 3 орын Ералиев Бехруз.

53 келі салмақта: 1 орын Заитов Алишер, 2 орын Каликов Жасурбек, 3 орын Шаминов Али.

59 келі салмақта: 1 орын Заитов Зширан, 2 орын Курбанбай Мурат, 3 орын Есенаманов Темерлан.

66 келі салмақта: 1 орын Рязанов Максим, 2 орын Ташаев Сардар, 3 орын Намазбай Багдаулет.

83 келі салмақта: 1 орын Қахарманұлы Марғулан, 2 орын Серікбай Искандер, 3 орын Югай Антон.

+ 83 келі салмақта: 1 орын Гребенников Алексей, 2 орын Юнусметов Жасар, 3 орын Қалымбеков Азизбек.

Жарыс жеңімапаздары мен жүлдегерлеріне Төлеби ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің дайындаған медальдармен және дипломдармен марапатталды.

Жеңіс тұғырынан көрініп жүлделі орындарға ие болған спортшыларды жетістіктерімен құттықтаймыз.

ПІКІР ЖАЗУ