Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Парламент Үкіметтің есебін ескертулермен қабылдады

 Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар Үкіметтің 2023 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есебін қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сенаттан қатысып отырған 49 депутаттың 48-і есепті жақтаса, бір депутат қалыс қалды. 

Мәжілістен қатысып отырған 94 депутат. Жақтағандар – 73 депутат, қалыс қалғаны – 7, қарсы – 14. Сонымен көпшілік дауыспен қаулы қабылданды. Шешім қабылданды, — деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.

Еске сала кетейік, Үкіметтің есебін “Ақ жол” фракциясы мен Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы қолдамады. Ал “Ауыл”, Respublika, AMANAT және Қазақстан халық партиялары есепті ескертулермен бекітті.

Сәйкес жаңалықтар

Шымкент: апатты ғимараттың орнына жаңа оқу нысаны салынады

admin

Түркістанда теңдесі жоқ ислам орталықтары бой көтерді

admin

Қазақстандағы халық саны 20,3 миллионнан асты

admin