Өзіне қол жұмсаған Шерзаттың ағасы қоштасып жазба қалдырған
Алматы облысының Полиция департаменті марқұм Шерзат Болаттың ағасының өліміне қатысты тың дерек айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Полиция Талғар қаласының маңында 30 жастағы ер адамның мәйіті табылғанын растап, мәлімдеме жасады. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол асылу арқылы өз-өзіне қол жұмсаған. Марқұм биыл 4 қазанда қайғылы қаза тапқан кәмелетке толмаған Шерзат Полаттың ағасы екені анықталды. Тергеу барысында марқұм туыстарының біріне өзіне-өзі қол жұмсау туралы мессенджерде жіберген жазбасы анықталды. Хабарламада ол туысқандарымен қоштасып, жиенінің жанына жерлеуді сұрады, – деді Алматы облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Бағдат Әшімов. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық жағдайларды анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде.
Құрметті азаматтар, тек ресми дереккөздерге сенуіңізді сұраймыз және жалған ақпаратты тарату қылмыстық жауапкершілікке дейін әкелуі мүмкін екенін еске саламыз, – деді полиция. Бұған дейін Талғар маңынан Шерзат Болаттың ағасының денесі табылғанын хабарлаған болатынбыз.