Өзбекстан азық-түліктің 40%-ға жуығын Қазақстаннан алады

 2022 жылдың алғашқы жартысында Өзбекстан шетелден сатып алған азық-түлік тауарларының 37,9 пайызы Қазақстаннан келген. “Бұл жөнінде Өзбекстаның мемлекеттік статистика комитеті хабарлы” деп жазады Азаттықтың Өзбек редакциясы.  Біріккен ұлттар ұйымының мәліметіне қарағанда Өзбекстан ішкі тұтыныста пайдаланатын астықтың 35% пайызын сырттан импорттайды. Оның негізгі бөлігі Қазақстаннан келеді.

Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі Ресейдің Украинаға басып кіруіне байланысты астық тапшылығы пайда болғандықтан астық пен ұн экспортын 15 сәуірден бастап үш айға шектеу қойған. Қазақстан мұндай шешім қабылдағанда Өзбекстан шетелден, соның ішінде Қазақстаннан 600 мың тонна астық сатып алатыны туралы шешім қабылдаған еді.

ПІКІР ЖАЗУ