Өзара ынымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды

Бүгін Қазақстан Республикасының Сот Әкімшілігінің Түркістан облысы бойынша департаменті, Түркістан облысының әділет департаменті, Түркістан облыстық адвокаттар алқасы және Түркістан-Қызылорда облысы бойынша өңіраралық заң консультанттар палатасыарасында сотқа жүгінушілерге заң аясында тегін құқықтық көмек көрсету туралы меморандумға қол қойды.

Аталған іс-шара Сот Әкімшілігінің Түркістан облысы бойынша департамент ғимаратының кіші мәжіліс залында өтті.

Жұмыс кездесуінде Сот Әкімшілігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы А.Апбас, Түркістан облысының әділет департаменті басшы орынбасары Б.Бейсен,Түркістан облыстық адвокаттар алқасының төрағасы Қ.Қамбаров, Түркістан-Қызылорда облысы бойынша өңіраралық заң консультанттар палатасы төрағасы А.Орақбаева, Сот Әкімшілігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің құжат айналым бөлім басшысы Э.Аширова, Түркістан қалалық сот әкімшісінің басшысы М.Жайлаубекқызы және Түркістан облысының әділет департаментінің құқықтық түсіндіру бөлім басшысы Н.Ербекешов қатысты.

Меморандум мақсаты азаматтық, қылмыстық, отбасы даулары бойынша жариялылық қатынастардан туындаған дауды шешу тәсілдерін таңдауға мүмкіндік беру, ол үшін сотқа жүгінуге түрлі сұрақтармен келген тараптарға заң аясында тегін кеңес алуға мүмкіндік беру, талап қоюды талапқа сай жазылмауына байланысты қайтарылып жатқан істердің санын азайту, заң көмегін алуға мүмкіншілігі жоқ әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарға қолдау көрсету, тараптарға дауларды медиация рәсімі тәртібімен  шешудің қолайлылығын түсіндіріп, тиімді тәсілдерді қолдану, сот ғимаратындағы фронт-офисінен келісуші тараптарға бір жұмыс орынын ұсыну және сол орында үнемі кезекшілік арқылы бір заң өкілінің отыруын қамтамасыз ету көзделген.

Меморандумға қол қойылғаннан соң А.Апбас қонақтарға сот ғимараты мен фрон-офисті көрсетіп, онда соттардағы цифрландыру, өз-өзіне қызмет көрсету бұрышымен таныстырды.

Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ