Отырарлық тұрғындардың тілегі жүзеге асырылуда

 

Шаһар басшысының секторлардағы соңғы кездесуінде 137 мәселе анықталып, әр сектордағы тапсырмалардың жүзеге асуы қадағалануда.

Алты сектордың бірі – “Отырар” секторында қала басшысы тұрғындар өтінішін ескере отырып – 11 тапсырма берген болатын. Тапсырмалардың барлығы жүйелі жүзеге асырылды.

М. Шоқай, Тараз көшелеріне ауыз су жүргізілді. Ескірген №30-шы үйдің жылу құбыры ауыстырылды.

Тұрғындар сұрауы бойынша №1А, №7 және №31  қоғамдық көлік бағыты ұзартылды. Cектор мамандары мен Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері тұрғын үйлерде газ қауіпсіздігі мен суға шомылу маусымындағы сақтық ережелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жасады. Сонымен бірге, атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың жағдайын зерделеу жүргізілді.

Отырар секторында жалпы 130 көше бар. Оның 97-і  асфальтті, 24 көше тасты жол. 26 көше жарықшамдармен қамтылған.

Жоспар бойынша 4 көшеге жыл соңына дейін асфальт төселеді.

ПІКІР ЖАЗУ