Отырарда қолөнер шеберлерінің республикалық жәрмеңкесі өтеді

Отырарда 24-25 қыркүйек күндері «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» ұйымдастыруымен Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ БОЙЫНДАҒЫ КЕРАМИКА ӨНДІРІСІ ЖӘНЕ АҒАШ ҰҚСАТУ ӨНЕРІ» тақырыбында Республикалық жәрмеңке өтеді.

Жәрмеңкенің мақсаты – дәстүрлі және қолданбалы қолөнер қазынасын ұштастыра отырып дамыту, оның ішінде керамика өндірісі мен ағаш ұқсату өнерін насихаттау әрі ішкі туризмді өркендетіп, келген саяхатшыларға қолайлы жағдай жасау. Сонымен бірге қолөнершілердің шеберлік сабақтары арқылы бір-бірімен тәжірибе алмасуына жағдай жасау.

Жәрмеңкеге Қазақстанның барлық аймағының керамика өндірісі және ағаш ұқсату өнерінің хас шеберлері қатысады.

Өтетін күні мен уақыты: 24-25 қыркүйек

Өтетін орны:Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында Жібек жолы даңғылы №45 (Отырар аудандық Мәдениет сарайы).

Анықтама телефоны: +77057047272

ПІКІР ЖАЗУ