Отырарда интернет алаяқтықтың алдын алу бойынша жиын өтті

Түркістан облысы Полиция департаменті Отырар аудандық полиция бөлімі мен аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен Ж.Жабаев атындағы мектеп-лицейінің мәжіліс залында білім беру ұйымының ұстаздарына «Интернет алаяқтықтың алдын алу » тақырыбында кездесу өткізілді.

Жиынға Отырар ауданы әкімінің орынбасары А.Құлмаханов, Отырар аудандық прокуратурасының прокуроры әділет кеңесшісі М. Абдукаримов және жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Ж.Төлеген, білім саласының мамандары қатысты. 

Шара барысында полиция майоры Ж.Төлеген,  Отырар ауданы аумағындағы 13 ауыл округтері бойынша қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылып, атқарылғандығын айтып өтті. Десе де, интернет алаяқтық қылмысы өсіп отырғанын және оның алдын алу бүгінгі таңда өзекті мәселе екендігін жеткізіп, бірлесіп күресуге шақырды.

Сонымен қатар Шәуілдір ауылы Жібек жолы даңғылы бойында үлкен көлемде және Көксарай ауылы «Көксарай-Маяқұм» үлкен тас жолы бойында, «Балтакөл-Түркістан» үлкен тас жолы бойына интернет алаяқтықтың алдын алу бойынша баннерлермен плакаттар ілініп, халық көп шоғырланатын орындарда заң қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын толассыз атқарып жатқандығын айтып, өз  баяндамасын аяқтады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ