Отырар: бөлім басшысы тағайындалды

Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанхановтың өкімімен Отырар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болып Нәлібай Саттар Жұмаділлаұлы тағайындалды. Жаңадан тағайындалған лауазым иесін аудан әкімінің орынбасары Ержан Оралбай ұжым мүшелеріне таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тілеп, абыройлы еңбек ететініне сенім білдірді.

Саттар Жұмаділлаұлы 1983 жылы 30 мамырда Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында дүниеге келген. 2004 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген.

Алғашқы еңбек жолын 15.07.2004 жылы «Аман-Есен» ЖШС-нің менеджері болып бастап, 05.01.2005-15.02.2005 жылдары «Байтасов К» жеке кәсіпорнының менеджері, 11.04.2005-22.09.2006 жылдар аралығында «Валют Транзит Банк» АҚ-ның ОҚО бойынша Отырар аудандық филиалында маман, 21.08.2006-29.12.2006 жылдары «Альянс финанс» ЖШС агенттік пунктінің басшысы, 13.03.2007-02.07.2007 жылдары Шымкент қалалық Алянс-Банкі Темірлан бөлімшесінің клиеттерге қызмет көрсету маманы, 03.03.2008-01.04.2008 жылдары АТМ инженеринг ЖШС-ның экономисті, 07.04.2008-11.04.2009 жылдары «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның ОҚО бойынша филиалының жетекші маманы, 15.10.2010-27.12.2010 жылдары Отырар ауданы, «АGROGOLD» ЖШС-нің бухгалтері, 27.12.2010-10.01.2013 жылдары Отырар ауданы, Шәуілдір ауылындағы «АGROGOLD» ЖШС-нің директоры, 14.01.2013-02.09.2013 жылдары Отырар ауданының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің статисі, 16.09.2013-03.03.2014 жылдары Отырар аудандық кәсіпкерлік бөлімінің инспекторы, 08.07.2014-01.03.2015 жылдары «Оңтүстік ЭнергоСтройСервис» ЖШС-нің ІІІ разрядтағы электромонтажнигі, 02.03.2015-29.05.2015 жылдары «Энергосервис ЭТЛ» ЖШС-нің инженері, 18.08.2015-05.01.2016 жылдар аралығында Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты ММ-нің бас маман есепшісі, 31.12.2015-01.07.2017 жылдары Отырар аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы, 11.10.2017-17.07.2018 жылдары Отырар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің нұсқаушысы қызметтерін атқарған.

17.07.2018 жылдан бастап Отырар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы қызметін атқарып келді.

ПІКІР ЖАЗУ