Отбасындағы жауапкершілік үлкен міндетті жүктейді

Төлеби аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен Отбасы күнін мерекелеу қарсаңында жас полицейлерге отбасы құндылықтарын насихаттауға бағытталған дәріс өткізілді. Полиция майоры Тимур Сопиевтің арнайы қатысуымен өткен шарада отбасы мүшелерінің бір-біріне көңіл бөлуі, қамқорлық жасауы, қолдау көрсетуі және отбасы мүшесін қандай кемшілігімен болса да қабылдай білуі жайлы жастарға ой саларлық пікірлер айтылды.

20 жыл отбасы шаңырағын құлатпай, бүгінде 5 баланың әкесі болып отырған Тимур аға өз сөзінде: Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам. Осы принциптерді сақтай отырып, біз полиция қызметкерлері, қызметпен қатар жүретін қауіпті міндетті абыроймен орындап, үйдегі отбасыға да көңіл бөліп, әсіресе бала тәрбиесіне, баланың ішінде қыз баласына мейірімділік танытуымық қажет,-деп өз ойымен бөлісті.

 

Сонымен қатар жас ұрпақтың алдында беделіміз жоғары, абыроймыз биік болғанын қаласақ, қызмет бабында ешқандай заң бұзушылықтарға жол бермей өз жұмысымызды , тек әділ де жауапты атқарумыз қажет, – деді.

ПІКІР ЖАЗУ