Отбасында 10 бала тәрбиелеп отырған – полицей Дастан Жамалов

Отбасы күні қарсаңында Келес аудандық полиция бөлімінде ұзақ жылдар бойы қызмет атқаратын полиция капитаны Дастан Жамаловтың шаңырағында болып қайттық.

Дастан аға жұбайымен бүгінде 10 баланы тәрбиелеп өсіріп отырған ардақты әке, асыл жар. Өзінің қызметтік міндетін адал атқарумен қатар он балаға тәрбие беріп, әкелік махаббатын сыйлаған ағамыз бізге шаңырақтың мықтылығы жайында өз пікірімен бөлісті.

Қандай жағдай болмасын күйеуінің көңіліне қарап, оның халыққа қалтқысыз қызмет етуіне жағдай жасап отырған жарына рақмет айтып, отбасы мерекесіне орай сыйлығымызды табыстадық.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ