Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі

Отбасы күнін мерекелеуді ұйымдастыру қарсаңында бөлімнің мәжіліс залында үлкендерді сыйлау, сөзді жасы үлкендерге бастату ұстанымын қолға алып, полиция майоры Тимур Сопиевті өз әріптестеріне отбасы құндылықтарын насихаттауға бағытталған дәріс өткізу үшін арнайы ортаға шақырылды. Бұл дегеніміз отбасы мүшелерінің бір-біріне көңіл бөлуі, қамқорлық жасауы, қолдау көрсетуі және отбасы мүшесін қандай кемшілігімен болса да қабылдай білу.

20 жыл отбасы шаңырағын құлатпай, бүгінде 5 баланың әкесі, Тимур мырза өз сөзінде: Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын ,адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам. Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ. Осы принциптерді сақтай отырып, біз полиция қызметкерлері, мына қызметпен қатар жүретін қауіпті міндетті абыроймен орындап, үйдегі отбасыға да көңіл бөліп, әсіресе бала тәрбиесіне, баланың ішінде қыз баласына мейірімділік танытып! Сол балаларымыздың болашағы үшін абыройлы қызмет атқаруымыз қажет – деп, өзіне тапсырылған сөзді аяқтады.

Төлеби аудандық полиция бөлімі.

ПІКІР ЖАЗУ