Отбасы – шағын мемлекет
“Отбасы күні” апталығы аясында “Отбасы – шағын мемлекет” тақырыбында жастарға семинар тренинг өткізілді.Арыс аудандық полиция бөлімінің полиция майоры Айжан Мырзахметованың ұйымдастыруымен және психолог, гинеколог мамандардың арнайы қатысуымен өткізілген бұл шарада жастарға отбасын жоспарлау тақырыптарында мағлұматтар беріліп, түрплі пікірлер ортаға салынды. Шараға аудан жастары мен колледж студенттері қатысты.
Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті туралы түсінік беру,отбасы-Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, оқушылардың бақытты жанұяға деген қызығушылығын арттыру, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа,ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында өткізілген шара жастарға ой саларлық ауқымда болды.
Қатысушыларға “Тәрбие-отбасынан басталады”, “Отбасылық құндылы”, “Саналы түрде ата-ана болу”, “Күнделікті өмірде сақталу керек гигиена ережелері” тақырыптарында деректі фильмдер көрсетіліп, онда көрген бейнелері жайлы ортаға сауалдар тасталды. Бұл тақырыптың жастарды қызықтырғаны сонша шара соңы қызу пікір таласқа ұласты.