Отбасы күніне орай бас имаммен кездесу өтті

Сауран аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен «Отбасы күні» аясында Түркістан облысы бас имамының қатысуымен жиын өтті. Яғни жиынға бас имам Ержан қажы Сматұлы және өкілдік қызметкерлері, Сауран ауданының бас имамы Арыстан Оспанов және полиция қызметкерлері қатысты.

Полиция бөлімі бастығының орынбасары Дияс Балданов арнайы қатысқан бұл кездесуде, полиция қызметкерлерінің елдің тыныштығы мен тұтастығы үшін жасап жатқан қызметтеріне ризашылық білдірілді.

Жиынға арнайы келген қонақтар отбасының берекесімен бірлігі жайында мысал келтіріп, осы қызметті отбасымен қатар алып жүрген полицейлерге күш-қуат, отбасына ынтымақ тіледі.

Сондай-ақ қазіргі таңда белең алып отырған ағымдармен күрес барысында бірлесе жұмыс атқаруға уағдаласты.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ