Отбасы – қоғам тірегі
«Отбасы күні» мерекесі аясында Жетісай аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен «Отбасы-қоғамның тірегі” тақырыбында кездесу өтті. Жиынға теолог Бағдат Шәймерден, Жетісай ауданы мешітінің бас имамы Айдарбек Садыбеков пен жеке құрам қызметкерлері қатысты.
Шара барысында отбасы-адамзат баласының дүниеге шыр етіп келгенде, есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ержететін, тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. Отбасының адамзат ұрпағына ықпал мен әсерін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындығы жайлы ғибратты әңгімелер айтылды.
Сонымен қатар кездесуге қатысушыларға отбасын берік ұстау үшін нақыл сөздер мен өмірден алынған ғибратты мысалдар айтылды. Шара соңыда “Отбасы -отан тірегі” тақырыбында видеоролик көрсетіліп, полицейлер көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, пікір алмасты.