Өскеменнен халық жаппай көшіп жатқаны рас па: өңір басшысы пікір білдірді

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында соңғы кезде өңірде болып жатқан экологиялық мәселелерге және уақыттың өзгеруіне байланысты тұрғындардың жаппай қоныс аударуы байқала ма деген сауалға жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды. ШҚО әкімі Ермек Көшербаев Өскеменде керісінше халық саны артып келе жатқанын айтты. “Мысал ретінде жеке өзімнің байқағаныммен бөлісейін. 2014 жылы қала тұрғындарының саны 330-340 мыңдай болды. Кейін 9 жыл көлемінде мен басқа өңірде болып, 2024 жылы қайта оралған кезде халық саны 60 мың адамға жетіпті.

Яғни, Өскеменнен тұрғындар кетіп жатыр деген әңгіме болмауы керек. Бұл жерде жаман болғандықтан адамдар кетіп жатыр деу… Мен мұндайды естіген емеспін. Бәлкім бұл туралы ойлайтындар да бар шығар. Бірақ айтқанымдый, барлық мәселелерді шешуге тырысамыз”- деп жауап берді әкім. Өңір басшысынң айтуынша, Өскемен – тамаша қала. “Мұнда жайлы өмір сүруге барлық мүмкіндіктер бар, біз халықтыі жағдайын одан әрі жақсартуымыз қажет, қаламыз туралы мақатнышпен айтатындай болуы керек”, – деді Ермек Көшербаев. Бұл ретте әкім ауылдан ағылып кетіп жатқандар туралы сөз қозғады. “Ең үлкен мәселелердің бірі – тұрғындардың ауылдардан кетуі. Өйткені барлық жерде бірдей өмір сүруге қолайлы жағдай жоқ. Мысалы, су, интернет, жол, сапалы медициналық қызмет көрсету – ауылдық жерлердегі басты мәселелердің бірі” – деп түсіндірді ол. Сонымен қатар ол қалада экологиялық мәселелер қай кезде де болғанын атап өтті. “Кеңес үкіметі кезінде қала салынғанда бұл ерекшеліктер ескерілмеген. Гидроэлектр станциялары жоғары жаққа салынса, ал қала өзендердің төменгі ағысында орналасты… Гидроэлектр станцияларынан қалаға қарай ағатын су әрқашан жылы. Тіпті есімде, 2010 жылдың ақпан айында түнгі ауа температурасы -52-ге дейін төмендеді, бірақ Ертіс қатпады, бірнеше ондаған шақырымға дейін қатпады. Егер физиканы білсеңіз, яғни су буланады, қала ылғалданады және ол зауыттардан тараған зиянды заттармен араласады”, – деп түсіндірді әкім.

Айта кетейік, 28 қарашада Қазақстанның 13 қаласында ауаның қатты ластануы тіркелді. Өскеменде қалың түтін салдарынан мектептерде сабақ бірнеше күнге тоқтатылды. Қала тұрғындары тыныс алу органдарын қорғау үшін арнайы құралдар қолдануға мәжбүр болды. Бұл мәселеге Шығыс Қазақстан облысы әкімі Ермек Көшербаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында түсінік берді.

ПІКІР ЖАЗУ