«Орта білім беретін үздік ұйым» атты конкурстың жеңімпазы

Адалдық пен әділеттілікті ту еткен Жаңа Қазақстанның ең басты құндылығы Білім деп ойлаймын. Сапалы білім- еліміздің болашақ кепілі. Сондықтан, бүгінгі қоғам алдында тұрған ең жауапты міндет-жас ұрпаққа сапалы білім беріп, адамгершілігі мол, отансүйгіш азамат тәрбиелеу. Жаңа Қазақстанның ірге тасын берік қалау үшін мұғалімдерге биік талап қойылып, үлкен жауапкершілік жүктеледі. Ал, мұғалімдерді басқарып отырған жақсы көшбасшының дұрыс бағыт-бағдары қай кезде болсын жеңіске жетелейді.

  Мектеп директоры Сапарғали Исатұлы Оспанбеков М.Ломоносов атындағы мектеп-гимназия ұжымын 2017 жылдан бері басқарып, жетістіктерге жетелеп келуде. 2018-2022 жылдары мектеп-гимназия оқушыларын білім сайыстары мен ғылыми жұмыстарға баулу мақсаттарын алға қойып, басқару мен бақылау барысында мектеп 2021 жылы мен 2022 жылы Жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының нәтижесі бойынша республикалық 100 үздік мектептер қатарына енді. 2021-2022 оқу жылында республикалық «Ең үздік ауыл мектебі-2021» атағын алды. Облыстық адами әлеуетті дамыту саласына ерекше үлес қосқан үшін 2021 жылдың «Үздік мектебі» номициясына ие болып, 2022 жылы Республикада үздік олимпиада 100 мектеп қатарына еніп, облыстық «Үздік олимпиада мектебі» атты номинациясына ие болды.

Түркістан облысында үздік мектептер қатарына еніп, қазақстандық білімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету және жоғары рейтингтік көрсеткіштерге жеткізіп отырған Сапарғали Исатұлының басқаруымен М.Ломоносов атындағы мектеп-гимназиясы 2022 жылдың қазан айында облыстық «Орта білім беретін үздік ұйымы» атты конкурстың жеңімпазы атанып, гранттың мөлшері 48000000 миллион теңге болды. Бұл жеңіс жас ұрпаққа сапалы білім беруде материалдық-техникалық базамызды жақсартуды көздейді. Сонымен қатар, ұлттық жобаны іске асыру мақсатында мектебіміздің инфрақұрылымын жақсартуға, мектептерді жайлы, қауіпсіз және заманауи білім беру ортасымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мектеп-гимназиямыздың білім көкжиегінің шыңына көтерілетін асулары әлі алда деп ойлаймын. Мектептің жетістігі шәкірттерінің жеңісімен айқындалады. Сондықтан да әр ұстаз дарынды баланың дамуына жол ашып, сапалы білім беру жолында аянбай еңбек еткендері абзал.

ПІКІР ЖАЗУ