«ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ» АЙЛЫҒЫ ЖАЛҒАСУДА

Шымкент қаласы аумағында «Өрт қауіпсіздігі» айлығы жалғасуда, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Рейд барысында шағын аудан тұрғындарына жылыту маусымы қарсаңында өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары жеткізілді. Өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзекті жадынамалар таратылды.Демалыс күндері өрт қауіпсіздігі айлығы аясында Абай ауданы ТЖ басқармасының қызметкерлері өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша профилактикалық рейд өткізді. Бірлескен рейд Қызылжар шағын ауданында Махмудов көшесінде өткізілді. Оған мамандандырылған жасақтың қызметкерлері мен «Жас Отан» жастар қанатының еріктілері қатысты.

ТЖ қызметкерлері тұрғындарды өздерін және жақындарын қорғауға, өрт қауіпсіздігі мәселелеріне жауапкершілікпен қарауға шақырады! Өрт ережелерін бұзушыларға әкімшілік жауапкершілік қаралатынын ескертеді. Ауа-райының құрғақ болуына байланысты өрт салдарының барынша алдын алу бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.

Өрт аймағында болсаңыз немесе куәгер болған жағдайда «112» және «101» нөміріне тез арада хабарлау керек.
Шымкент қаласы ТЖ Департаментінің сенім телефоны: 8 (7252) 33-74-78.

 

ПІКІР ЖАЗУ