Орман және дала өрт сөндіру жұмыстары бойынша тактикалық оқу-жаттығу жиыны өткізілді
Түркістан облысында «Сайрам-Өгем МҰТП» РММ-нің ұйымдастыруымен, Түркістан облысы орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелері мен табиғат қорғау мекемелерінің орман және дала өрттерін сөндіру бойынша өзара іс-қимылы жөніндегі тактикалық оқу-жаттығу жиыны өткізілді.
Аталған жиынға Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының, Түркістан облысының төтенше жағдайдар департаментінің және Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына бағынысты орман иеленуші мекемелерінің мамандары қатыстырылды.
Тактикалық оқу-жаттығу барысында орман және дала өрттерін сөндіру бойынша көптеген жаттығулар жүргізілді.
Бұған дейін Түркістан қаласының іргесіндегі Үшқайық ауылдық округінің аумағында өрт тұтанып қызыл жалын әпсәтте бірнеше гектар жерді шарпыды. Өрттің қатты болғаны соншалық оны сөндіруге бір бригаданың күші жетпей бірнеше құрылымдардың көмекке келуіне тура келді. Абырой болғанда оқиға орына өрт сөндірушілер жедел жетіп алауды жарты сағаттың ішінде ауыздықтады. Бұл дала өрттерін сөндіру бойынша өзара іс қимыл жөніндегі тактикалық оқу-жаттығудың сценарийі болатын. Бүгін аталған аумақта төтенше жағдайлар департаментімен орман шаруашылығына қатысты құрылымдардың қатысумен оқу – жатығу жиыны өтті.
Бүгінгі жаттығуға өңірдегі орман шаруашылығымен өрттің алдын алуға жауапты жеті мекеменің бас-аяғы 46 дана техникасымен 110 маманы және 80 ауамен үрлеп өшіруге арналған құрылғылары жұмылдырылды. Жаттығу кезінде олар, өз мүмкіндіктерін көрсетті.
Негізінде облыс бойынша 3,5 млн гектардан астам орман қоры жері бар. Ондағы өрттің алдын алумен 11 мекеме айналысады. Оның үшеуі републикалық болса қалғаны облыстық. Мамандардың айтуынша бүгінде барлық мекемелер қажетті техникамен қамтылған. Соған қарамай өңірде орман дала өрттері орын алып тұрады. Мәселен, өткен жылдың өзінде, облыс аумағында 8 бірдей өрт оқиғасы орын алып 39 мың гектар алқап күлге айналыпты.
Хамит Жорабаев –Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы
Соның 500 гектары орман алқаптары болып саналады. Өрт кезінде тоғайдағы орман ағаштары және мынау Боралдай тауындағы ағаштар күл болып кетті. Биылғы дайындық керемет өтіп жатыр. Сондықтанда биылғы ормандардағы өрттерде қорғау үшін алдын алуға осындай оқу-жаттығу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Оқу жаттығу жұмыстарынан бөлек бүгінде облыс аумағында өрттің алдын алу жол бойларында минералды жолақтарды жырту жұмыстары да жүргізілуде. Биыл 6242 шақырым минералды жолақ сызылады. Оның 25 пайызы республикалық маңызы бар жолдардың жиегінде.
Бақытжан Запаров – Түркістан облыстық ТЖД басқарма бастығы
Дала өртін болдырмау мақсатында жол бойларында өртке қарсы минералды жолақ жырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жерде бүткіл Республикалық маңызы бар және жергілікті маңызы бар жол бойларында минералды жолақ жүргізілуге тапсырма берілді. Одан бөлек теміржол бойларында және егістік алқаптарында осындай минералды жолақ жүргізілді.
Орманды өрттен қорғайтын мамандардың айтуынша қызыл жалынның басым бөлігі адами фактордың әсерінен орын алатын көрінеді. Сондықтан мамандар тұрғындарды табиғат аясында жүргенде сақ болуға шақырады.
Қоғамымыздағы ең қауіпті мамандықтардың бірі – өрт сөндіруші маман қызметі. Күн сайын табиғи апат салдарынан туындайтын немесе қауіпсіздік ережелерін дұрыс сақтамау салдарынан туындайтын өрттермен бетпе бет келіп, тілсіз жаудың «тілін табуға» тырысатын маман иелерінің қызметі шын мәнінде оңай емес. Кез келген сәтте тілсіз жау өзіңе тап беріп, немесе жалынға оранған заттың үстіңе құлап кетуі, иіс тиіп, ес жоғалтуың әбден мүмкін. Сондықтан төтенше жағдайларда ең алдымен көмекке ұмтылып, тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіруге тырысатын өрт сөндіруші мамандардың еңбегі ерлікпен пара пар!
Әсіресе аптап ыстық күндері өрт оқиғалары жиілей түседі. Сондықтан өрт сөндіру қызметінсіз қоғамымызды елестете алмаймыз. Осы орайда төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, өрттерді сөндіру, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу, оның ішінде коммуналдық шаруашылықтағы авариялар, облыстың ауылдық аудандарындағы су тасқыны, жол-көлік оқиғаларының салдары проблемасының неғұрлым тиімді шешімі Жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен шалғай елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін құру, өрт сөндіруші мамандарын дайындау, өрт қызметін техникалық тұрғыдан жаңарту болып табылады. Шыны керек аяқ асты өрт тұтана қалған жағдайда кез келген адам сол жерді тастай қашуға, үрейге берілуге даяр тұрады. Ал төтенше жағдайлардағы өрт сөндіру мамандары сондай сәтте керсінше жалынның ортасына жүгіре жөнеледі. Бұл оның қызметі ғана емес, міндеті. Сондықтан кейбір жағдайларда азаматтық көмегін ұсынып, көшеде кетіп бара жатқан төтенше жағдайдың куәгері өрттен зардап шегушіні құтқаруға тырысса дереу марапаттап жататынымыз да содан. Өйткені өрт оңай жау емес. Нағыз ер азаматтарға, жүректілерге ғана тән мамандық үлкен батылдықты талап етеді.
Өртті тез сөндіру үшін, ержүрек адам болу аз, ол үнемі физикалық тұрғыдан дайын болып, өрт қауіпсіздігі ережелерін, өрт сөндіру техникасын және отпен күресу амалдарын білетін білікті маман болуы қажет. Өрт сөндірушілер әр минут сайын өз өмірлерін тәуекелге байлап, өзіне қауіп төндіреді. Кез келген уақытта қыстың қақаған суығы мен жаздың аптап ыстығына қарамастан отқа да, суға да түседі. Осылайша, жүктелген жауапкершілікті арқалаған жандар үшін құтқару, көмектесу деген мақсат күн сайын бірінші орында тұрады. Төтенше жағдай кезінде өзінен бұрын өзгенің өмірін құтқаруға ұмтылады.
Сондықтан олардың қызметі әлемдегі ең ауыр, күрделі мамандықтардың бірінен саналады. Лауазымдарының өрт сөндіруші-құтқарушы болып өзгеруі де тегін емес. Өртті сөндіріп қана қоймай, басқа адамдардың арашасы болып ұмтылатындары үшін құтқарушы қызметін де мамандықтарына атау ретінде тіркеді. Сондықтан өрт сөндіруші нағыз ерлердің мамандығы саналады. Өрт сөндіруші болғысы келетіндерге жоғары талап та қояды. Бұл қызметке жасы 18-32 жас аралығындағы тепсе темір үзетін, денсаулығында ешқандай кінәраты жоқ жастар алынады. Өз өмірін қауіп-қатерге тіге жүріп, өзгенің өмірін арашалап қалатын жандар қызыл жалын тұтанған сайын ерлік жасайды. Әсіресе бүгінгі күні өрт сөндіруші мамандығынсыз қоғамымызды елестете алмаймыз. Аяқ асты тұтана қалатын қауіп алдын ала ескертпейтіндіктен өрттен келетін қауіп жоғары.
Ғаламдағы ең қауіпті мамандықтардың бірі – өрт сөндіруші қызметі. Нағыз ер азаматтарға тән мамандық жүректілік пен батылдықты талап етеді. Күнде өлім мен өмірдің арасында арпалысып жүрген батырлардың құрал-саймандары сақадай сай, дайындықтары жоғары болуы керек. Себебі, бұл іс сәл мүлт кетуді кешірмеуі мүмкін.
Ғаламдағы ең қауіпті мамандықтардың бірі – өрт сөндіруші қызметі. Нағыз ер азаматтарға тән мамандық жүректілік пен батылдықты талап етеді. Күнде өлім мен өмірдің арасында арпалысып жүрген батырлардың құрал-саймандары сақадай сай, дайындықтары жоғары болуы керек. Себебі, бұл іс сәл мүлт кетуді кешірмеуі мүмкін.
Үй, қойма, зауыт т.с.с. үлкен ғимараттар мен орманды алқаптар өртене бастаса көптеген көліктер, сонымен қоса өзге де қауіпсіздік техникалары жөнелтіледі. Кей жағдайларда тікұшақтың да көмегіне жүгінетін кездер болады.
Ыстық ауа райы орман алқаптарында туындайтын өрттің санын одан сайын арттырады. Апаттың негізгі себебі – сөндірілмей тасталған алаулар, темекі тұқылдары және өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтамау.
2018 жылдың 18 мамырында Алматы облысы Талдықорған қаласы «Орман шаруашылығы» мемлекеттік мекемесінде орман және дала өрттерін сөндіру бойынша біріккен өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті.
Жаттығулардың басты мақсаты – орман шаруашылығы мен азаматтық қорғау органдары арасында орман және дала өрттерін сөндіру бойынша өзара әрекеттесуді іс-жүзінде өтеу.
Жануды дер кезінде анықтау, жедел және үйлесімді әрекет жасау – біріккен жаттығуларға қатысатын қызметкерлердің негізгі міндеті. Өртті барлық орманға таратпау мақсатында ауыр техника минералданған жасақтар салады.
Өрт сөндіру командасының және орман қорықшыларының үйлесімді, нақты іс-әрекеттерінің арқасында жану ошағы тез арада жойылды.
Өрт қауіпті кезінде орманда тыйым салынады:
– алаулар жағуға, тамақ әзірлеу үшін мангалдарды және т.б. құралдарды пайдалануға;
– темекі шегуге, жанған сіріңкелерді, темекі тұқылдарын лақтыруға, темекі шегу трубкасынан ыстық күлді шашуға;
– оқ ататын қарудан атуға, пиротехникалық бұйымдарды пайдалануға;
– орманда майлы, бензин, керосин немесе өзге жану заттары сіңген сүрту материалдарын қалдыруға;
– жұмыс істейтін ішкі жану қозғалтқыштарының бактарына жанар-жағар май құюға, қозғалтқыштың жарамсыз қуаттандыру жүйесімен техниканы жұмыс істеу үшін шығаруға, сондай-ақ, жанар-жағар май құйылып жатқан көліктің қасында темекі шегуге немесе от жағуға;
– күн сәулесі түсіп тұрған ашық алаңдарда шөлмектерді, шыны сынықтарын, өзге қоқыстарды тастауға;
– егістіктерде шөпті, сондай-ақ егілген егіннің орнын жағуға.