Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Өркениеттер арасындағы көпір: Астанада халықаралық семинар өтті

 Елордада Дүниежүзілік қытай тілі күніне орай, халықаралық деңгейдегі семинар өтті. Іс-шараны Пекин тілі және мәдениет университетінің Қазақстандағы филиалы мен Астана халықаралық университеті бірлесе ұйымдастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Семинарға ҚХР-дың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Хань Чуньлин арнайы қатысты. Өз сөзінде ол Қытай мен Қазақстан арасындағы мәдени байланыстардың тұрақты тереңдеп келе жатқанын атап өтті.

Қытай тілі – бұл жай ғана қаріптер жүйесі емес, бұл – 5000 жылдық өркениеттің коды. Бүгінгі таңда ол заманауи технологиямен үндесіп, жаңа мағынаға ие болыа жатыр, – деді елші.

Дипломат «Тяньвэнь» (Айды зерттеу жобасы) мен Huawei-дің «Хунмэн» операциялық жүйесін тілдің ғылыммен және поэзиямен табиғи байланысының нақты мысалы ретінде келтірді.

Қытай тілі – өркениеттер арасындағы көпір. Қазақстан мен Қытай арасындағы достық – бұл жай ғана екіжақты байланыс емес, бұл – адамзаттың ортақ болашағына бағытталған сенімді қадам, – деп түйіндеді ол.

Қазақстанда қытай тіліне деген қызығушылық артып келеді. Бүгінде елде бес Конфуций институты жұмыс істейді. Елші осы бағыттағы жұмыстарға атсалысып жүрген мұғалімдерге алғысын білдірді.

Абай айтқандай, “Шын цивилизация – түрлі тілдердің ойы бірін-бірі жарыққа шығаратын сәтте көрінеді”. Біз де осы рухта мәдени диалогты жалғастыруымыз керек, – деді Хань Чуньлин.

Білім – тіл арқылы, тіл – мәдениет арқылы сіңеді

Семинар барысында сөз алған Астана халықаралық университетінің ректоры Серік Ирсалиев қытай тілін оқытудың маңызын тілге тиек етті.

Қытай тілін сапалы үйрету – бұл тек білім беру емес, бұл – мәдениетті тану, оны құрметтеу және ұрпаққа жеткізу. Бұл – біз үшін де, болашақ үшін де маңызды миссия, – деді ректор.

Ирсалиевтің айтуынша, Қазақстан мен Қытай арасындағы білім беру байланысы соңғы жылдары елеулі деңгейге көтерілген. Бүгінде Қытайда 4000-ға жуық қазақстандық студент, ал Қазақстанда 1000-нан астам қытайлық студент білім алып жатыр.

Астанадағы Пекин тілі және мәдениет университетінің филиалы – осы стратегиялық серіктестіктің нақты жемісі. Биыл мұнда 30 қытай тілі мұғалімі мен 50 аударма маманы даярланбақ.

Бүгінгі семинар – тәжірибе алмасу мен кәсіби байланыс орнатуға арналған маңызды алаң. Бұл тек білім емес, сенімді әріптестікке негізделген ұзақмерзімді қатынастың бастамасы, – деді Серік Ирсалиев.

Еске сала кетейік, осыған дейін қай тілді үйренгенде өмір ұзаратыны туралы жазғанбыз.

Сәйкес жаңалықтар

Алматының Бостандық ауданындағы Торайғыров көшесінде заманауи жаяу жүргіншілер аймағы құрылуда

admin

Шымкенттік шаруа «қисары» қойын өсіріп табысқа кенелуде

admin

Шымкент — СИАНЬ әуе рейстері ашылмақ

admin