Ордабысыда сыйлық пен марапат жауған күн болды

Ордасы ауданының әкімі АЗАТ ОРАЛБАЕВ өңірде өткен “ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ҰЛТ” жалпыұлттық жобасының “ЗИЯТКЕР ҰРПАҚ – ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ ” атты байқаудың салтанатты жиынына қатысып, құттықтау сөз сөйледі, жүрек жарды тілегін айтты.

Президентіміз Қасым -Жомарт Тоқаевтың “Шахмат өнерін насихаттау мен дамытуға жеке өзім үлес қосқым келеді ” деген қанатты сөзін айта келіп, ауданда ғылым мен өнерге жақын бұл спорт түрі ерекше қарқынмен дамып жатқанына нақты дәлел мен дәйектер келтірді.

Мемлекет Басшысы Қ.Тоқаев : “Шахмат ойынына қызғатын балалардың көп екенін байқадым. Шахмат өнерімен айналысатын балалар зиянды әдеттерден алыс болады.

Бізге ұйымдастыру мен ҚАРЖЫЛЫҚ РЕСУРСТАРДЫ ТАРТУ КЕРЕК” -деген ойын ашық айтып, жергілікті атқарушы билікке нақты тапсырма берген болатын

Бұл орайда, Ордабасы билігі аудан бюжетінің көлемі тым көп болмаса да Президент тапсырмасын ойдағыдай жүзеге асырып жатқаны елді қуантты.

Шымкент қаласы сияқты аудан бюжеті 670 миллиард теңге болса, бұл өңірде көп тірлік адам танымастай өзгеретіні шындық екен.

Бұл Шымқалада 640 млн теңге Наурыз тойына бөлініп, жемқорлардың жемсауына кетіп қалды. Осы сыбайлас жемқорлыққа жол берген талай шенеунік сотталып кетті. Содан соң, жақында ғана осы Шымкент қаласында бір миллиард теңгеден астам бюджет қаржысын ұрлаған бір топ жемқорлар анықталды. Тұтқындалып, тергеуге жауап беруде. Әлеуметтік желі бұл қылмыстық іс жайлы әлі шулап қайта -қайта жазып жатыр.

Бұл -жемқорлардың жегені Ордабасы ауданының тең жарты бюджетінің қаржысына пара -пар деуге болады.

Неге екені елді, халықты тонайтын бұл қала елге қажетті жобалар мен интеллектуалды ұлтты дамытуға, Президент саясатына қатысты бағдарламаларға қаржы бөлгісі келмей сараңдық танытады. Бөлсе де өз мүддесі мен құлқынын ойлайтын шенеуніктер барын жоғарыдағы фактілер айғақтап тұр. Кейде шенеуніктер миллиард- миллиард қаржының үстінде отырса да, қайыршы адамның кейпін танытады.

Ордабасы ауданының жалпы бюджеті Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасына бөлінетін қаржымен шамалас екен. Міне, қызықты жағдай.

Мұны Президент шахмат өнерін дамыту үшін : ” БІЗГЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ РЕСУРСТАРТЫ ТАРТУ КЕРЕК” деген ойына қатысты айтып жатқан жайым бар.

Ордабасы билігі Мемлекет Басшысы айтқандай тірлікті ұйымдастыра да білді, болашақ ұрпақ үшін қаржы ресурстарын да тарта алды.

Байқауға қатысушыларға жергілікті билік “Орамал тон болмайды, жол болады” деген қазақы дәстүрді қатаң ұстап, байқауға қатысушыларға керемет сый-сияпаттар жасады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге тоңазытқыш, телевизор, тұрмыстық заттар тарту етті.

Барлық байқауға қатысушылар құр алақан қайтпады. Барлығы дерлік естелік сыйлықтар алып, отбасыларына қуанышты күйде тарқасты.

Шынтуайтына келгенде, Ордабасы ауданында сыйлық, марапат жауған күн болды.

ПІКІР ЖАЗУ