Ордабасылық үздік спорт бапкері және топ жарып жүрген волейбол тобы

Бүгінгі таңда, елімізде бұқаралық спортты дамытуға айрықша көңіл бөлініп келеді. Осы орайда аудан спортшылары да әртүрлі деңгейдегі жарыстарда бой көрсетіп, татулық пен бірлік мекеннің абыройын асқақтатып жүр. Осы орайда, Төрткүл ауыл округінен шыққан «Көкбөрі» волейбол тобы көптеген жарыстарда топ жарып жүр.

Көпке үлгі, волейбол тобының бапкері Ботабай Әуелхан Аманұлы 1986 жылдан бері «Төрткүл» жалпы орта мектебінде дене  шынықтыру пәнінің мұғалімі болып, қызмет істеп келеді.

Өмірлік мақсатым «Ұрпағы жақсы елдің – болашағы жарқын!». Алға қойған мақсатым – ұстаздық қызметімді барынша шынайы, адал атқарып, болашағынан үміт күттіретін білім алушылар тәрбиелеу-дейді бапкер.

Осы жылдар көлемінде ол білікті ұстаз бола білген, шәкірттердің шеберліктерін арттыруда аянбай еңбек етіп, өз пәнін  құрметтеу арқылы жас ұрпақ тәрбиесіне, оның  денсаулығына жауапкершілікпен қарап, үнемі ізденіс үстінде жүретін «Құрмет» грамотасының иегері  және мектептің жоғары жетістіктерге жетуіне өз үлесін қосып келген шынайы педагог.

2014-2023 жылдары аралығында бапкердің шәкірттері жоғары нәтиже көрсетіп, волейбол тобы көптеген жарыстарға қатысып, ауданаралық, облыстық, республикалық спорттық ойындарда топ жарып, үздіктер қатарынан көрінуде. Топ қоржынында Республика бойынша 2 алтын, 2 күміс, 1 қола медалдарымен толыққан.

Алдағы уақытта «Көкбөрі» тобы әлемдік деңгейдегі жарыстарға қатысып, үздіктер қатарында көрінуге тілектеспіз.

ПІКІР ЖАЗУ