Ордабасыда “Ата Заңым – Айбыным!” салтанатты жиыны өтті

Бүгін Ордабасылық полицейлер тәуелсіздігіміздің тұғыры – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін ұлықтауға арналған салтанатты жиын өткізді.

Салтанатты шарада полиция бөлімінің бастығы Ғалымжан Қуашбаев жеке құрамды атаулы мерекемен құттықтап, мереке қарсаңында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жұмысын күшейтуді тапсырды.

Сонымен қатар, 30 тамыз – учаскелік полиция инспекторларының да кәсіби мерекесі болып табылады. Қос мереке қарсаңында полиция бөлімі бастығы Ғалымжан Саттарұлы “Үздік учаскелік полиция пункті” номинациясының жеңімпазы Шұбарсу ауыл округіне қарасты N56 учаскелік полиция пунктіне қызметтік автокөліктің кілтін табыстаса, “Үздік учаскелік полиция инспекторы” номинациясына Қараспан ауыл округіне қарасты N53 полиция пунктінің учаскелік полиция инспекторы Боранбай Қуаныш Тәттіханұлы лайық деп танылып, мерекелік сый-сияпат табысталды.

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында жан-жақты қызмет етіп, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдағы саяси тұрақтылықты, татулық пен бірлікті қамтамасыз етуде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген бірқатар тәртіп сақшыларының анасы “Үздік офицердің анасы” мерекелік медалімен наградталды.

Ата заңның қасиеті мен маңыздылығы дәріптелген мерекелік шара аудандық мәдениет үйінің концерттік бағдарламасымен ұласты.

ПІКІР ЖАЗУ