Ордабасы: жылдық жоспарды толығымен орындау қажет

Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен апталық аппараттық мәжіліс өтті. Жиынның күн тәртібінде бюджет қаржысының игерілуі және салық түсімдерінің орындалуы, Төрткүл ауылдық округі әкімінің атқарған жұмыстары және жоспары, тұрғындардан түскен ұсыныс-пікірлер мен хаттамалық тапсырмалардың орындалуы, облыс әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуы және округтердегі санитарлық тазалық жағдайды қаралды.

Бірінші кезекте аудандық Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Алтынай Сихымбаева аудан бюджеті қаржысының игерілуі және салық түсімдерінің орындалуы бойынша аудан әкіміне есеп берді. Бөлім басшысы салық түсімдері мен мүлік, жер, көлік салығы бойынша берешектерді өндіруде көрсеткіші төмен ауылдарды атап өтті. Аудан басшысы Бадам, Бөржар, Қараспан ауылдық окурігінің әкімдеріне ескерту жасап, апта ішінде қазынаға келетін түсімдерді толықтай өндіруді тапсырды.

Мұнан соң Төрткүл ауылдық округінің әкімі Нұрлан Сапаровтың есебі тыңдалды. Аудан басшысы округ әкіміне ауылдың қаскелбетін реттеу, абаттандыру бойынша атқарған жұмыстарын сынға алып, нақты ескерту жасады. Сондай-ақ, халықпен кездесулерде, ауылды аралау барысында берілген тапсырмаларды дер кезінде тыңғылықты етіп орындауды жүктеді.

Мәжілісте аудандық Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй испекциясы бөлімінің басшысы Арман Искаков тұрғындардан түскен ұсыныс-пікірлер мен хаттамалық тапсырмалардың орындалуы бойынша айтып өтті.

«Түрлі кездесулерде тұрғындардан 117 ұсыныс-пікірлер келіп түссе, оның 24 орындалған. 59-ы жұмыс жүргізуде. 34 тапсырма қаржылық жағдайларға байланысты кейінге шегерілді. Ал, хаттамалық тапсырмалар бойынша 50 тапсырманың 21-і орындалған. 27-сі орындалу үстінде. Көтерілген мәселелердің көбісі  коммуналдық мәселе бойынша», деді бөлім басшысы баяндамасында.

Осыдан соң аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы Марат Туреев облыс әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуы, округтердегі санитарлық тазалық жағдайы туралы баяндады.

Бөлім басшысы Шұбар, Бадам ауылдарындағы тазалық мәселесі бойынша ескертпелердің уақытылы орындалмай отырғандығын арнайы фото деректер арқылы көрсетті.

Аудан басшысы Азат әбдіғалиұлы ауылдардың тазалығы, қаскелбеті жөніндегі сын-ескертпелерге байланысты барлық округ әкімдеріне қатаң ескерту жасап, хаттамалық тапсырмалардан нәтиже шығарман тұлғаларға шара көретіндігін қадап айтты.

ПІКІР ЖАЗУ