Ордабасы: жалпыхалықтық сеебілікте қоршаған орта қоқыстан тазартылды

Бүгін ауданымызда республикалық тазалық акциясы аясында және елді мекендерде санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру бойынша сенбілік шарасы өтті.

Сенбілікке аудан әкімі Азат Оралбаев бастаған әкімдік қызметкерлері мен мекемелер өздеріне бөлінген аумақтарда, көшелерде тазалық жұмыстарын жүргізді.

Тұрғындардың қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық мәдениет қалыптастыруға және ауданның санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған шараға 6 техника жұмылдырылып, 200 ге тарта азамат аудан аумағын тұрмыстық қатты қалдықтардан тазартып, күл-қоқыстар полигондарға техника көмегімен төгілді.

Сондай-ақ ауданымздың ауыл, елдімекендерінде де бірдей уақытта тазалық шарасы өтіп, сенбілік жұмыстарына ауыл тұрғындары да өз үлестерін қосты.

ПІКІР ЖАЗУ