Ордабасы: үздіктер марапатталды

Түркістан облысының дін істері басқармасының ұйымдастыруымен облыстық “Үздік ақпараттық-түсіндіру тобы 2023” байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Аудан көлемінде діни экстремизм, терроризм, жат діни ағымдардың таралуының алдын алу, мемлекеттік саясатты ілгерілету, аудандағы діни тұрақтылықты қамтамасыз етуде атқарылған жұмыстардың үздіктері аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратов, аудан бас имамы Айдос Керімбаев, ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Ержан Шарапов алғыс хатпен марапатталып, сый-сияпат табысталды.

Сонымен қатар, жылдың “Үздік дін тану пәнінің мұғалімі 2023” номинациясы Ордабасы ауданы, Төрткүл ауыл округі “Б.Төлепбаев” мектебінің дін тану пәнінің мұғалімі Ұ.Керімқұловқа бұйырды.

ПІКІР ЖАЗУ