Ордабасы: тұрғындардың өтініштері заң аясында шешімін табады
Аудан әкімі Азат Оралбаев бекітілген кестеге сәйкес тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Кезекті жеке қабылдауға аудан әкімінің орынбасары, ауыл әкімдері және бөлім басшылары қатысты.
Қабылдауда Қараспан, Төрткүл, Қажымұқан ауылдық округінен келген азаматтар тарапынан тұрғын үй, кәсіпкерлікке және шаруашылыққа қажетті жер алу мәселелері көтерілді.
Аудан басшысы тұрғындардың арыз-шағымдары мен ұсыныс-пікірлерін мұқият тыңдап, мәселесін тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.
Тұрғын үй бойынша азаматтарға баспаналы болудың тәртіптері электронды форматта Заң аясында кезектілік бойынша жүзеге асырылатындығын айтты.
Сондай-ақ, Төрткүл ауылынан 3,4 гектар алқапта балық шаруашылығын ашуға ниетті азаматтың бастамасына ауыл әкімдігі тарапынан тиісті шаралар қарастырылатындығын айтып өтті.
Аудан әкімі Азат Әбдіғалиұлы жауапты орынбасарлары мен бөлім басшыларына мәселелерді зерделеп, Заң аясында шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.