«Ордабасы» мен «Легия» футбол жанкүйерлері ерегісіп қалды
Кеше, 27 шілдеде Қажымұқан атындағы стадионда шымкенттік «Ордабасы» мен польшалық «Легия» командалары арасында футболдан жарыс өтті.
Матч басталмас бұрын екі клуб жанкүйерлері ерегісіп қалды. Оның видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Полиция хабарлауынша, ешкім зардап шекпеген.
«Ойын басталар алдында сағат 20.30 шамасында командалардың жанкүйерлері арасында ауызша ерегіс болды. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз еткен полицейлер дер кезінде әрекет етті. Нәтижесінде жанжал болған жоқ. Бұзақылық әрекеттерге жол берілмеді» делінген полиция мәліметінде.
Еске салсақ, шымкенттік «Ордабасы» UEFA Конференция лигасы екінші іріктеу сатысындағы алғашқы ойынын өткізді. Мачт қорытындысы бойынша командалар 2:2 есебімен тең түсті.