Ордабасы: қыс-көктем айларында орын алатын төтенше жағдайдың алдын алу жайы пысықталды

Бүгін аудан әкімдігінде аудан аумағында  төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы өтті. Алқалы жиынға комиссия мүшелері, төтенше жағдайлар бөлімі және ауыл округі әкімдері қатысты.

Аудан әкімі Азат Оралбаев төрағалық еткен жиында алдағы қыс-көктем айларында су тасқынының алдын алу мақсатында төтенше жағдай қауіпі төніп тұрған Арыс өзенінің арнасын бұру бойынша және каналдардың, арықтардың, қашыртқылардың механикалық тазалау бойынша атқарылған жұмыстар және қазіргі жай-күйі жөнінде аудан әкімінің орынбасары Қыдырбай Сейітқұл баяндама жасады.

Аудан әкімі аталған сала бойынша қолға алынған жұмыстарды жүйелі жүзеге асырып, өзен арналарындағы су тасу, аязды ауарайында жол бөліктеріне жол көлік оқиғаларын болдырмау үшін еріткіш химикаттар себу секілді сақтық шараларын күшейтуді тапсырды.

Комиссия отырысында аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Ж.Қоспанов 2023-2024 жылдары жылыту маусымында тұрғындарды өрттен және иісті улы газдан уланудың алдын алу туралы атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады.

Өз кезегінде аудан басшысы Азат Әбдіғалиұлы жылыту маусымында орын алатын өрт пен көмір түтіні, газдан улану фактілерінің алдын алу үшін округ әкімдерімен төтенше жағдайлар бөлімі бірлескен түрде ауыл, елді мекендерде тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу керектігін ескертті.

Бүгінгі таңда аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі тарапынан күні кеше Бадам ауылдық округіндегі газель автокөлігі арқылы көше аралап, дыбыстық хабарлама жүргізу жұмыстарын басқада ауылдарда қолға алу жағы сөз болды.

ПІКІР ЖАЗУ