Ордабасы: қараусыз үй жануары үшін жауапкершілік барын ескертеміз

Полиция тарапынан жүргізілетін алдын алу жұмыстарына қарамастан, ауданға қарасты елді-мекендерде малды еркін жаю фактілері жиі орын алуда. Мал иелерінің тарапынан тиісті бақылаудың болмауы-мал ұрлығына және жолдағы автокөліктер мен жолаушылары үшін елеулі қауіп-қатерлерге алып келеді.

Осы мақсатта бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында полиция бөлімі бастығы Ғ.Қуашбаев пен аудан әкімінің орынбасары Қ.Сейітқұлдың қатысуымен ауыл округі әкімдері, учаскелік полицейлер мен ветеринария саласы мамандарына жиын өткізілді.

Жиын барысында үш жақты келісім жасалынып, аудан көлемінде 1 ай бойы рейдтік шаралар жүргізіледі. Қараусыз мал иелерінің немесе бақташылардың жауапкершілігін арттыратын өзгерістер заңды түрде күшіне енді. Енді оларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 408-бабы қолданылады, оған үй жануарларын жаю ережелерін бұзу да кіреді. Баптың санкциясы 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды көздейді.

Жолдағы иесіз мал – қозғалысқа үлкен кедергі екенін еске саламыз. Күтпеген соқтығысу нәтижесінде жүргізушілер мен жолаушылар жарақат алады, ал кейбір жағдайларда адамдар қайтыс болады.Сол себепті жол бойындағы үй жануарларының көліктермен қақтығысуын болдырмау мақсатында, тұрғындардан өз меншігіндегі үй жануарларын уақытылы қамап, жол- көлік оқиғасына себепкер болмауға шақырамыз.

Ордабасы ауданының полиция бөлімі

ПІКІР ЖАЗУ