Ордабасы: инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қолайлы шарт-жағдай жасалады

Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен ауданда жүзеге асырылатын инвестициялық жобалардың өзекті мәселелерін талқылауға арналған жиын өтті.

Кеңес отырысында аудандық Кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Фатима Ташимова және аудан аумағында салынатын 6 жобаның жоба жетекшілері аталған жобаларда кездесетін мәселелерді баяндады.

Көгалдандыру және ПЭТ қалдықтарын өңдеумен айналысатын «De Support» ЖШС өкілдері Қытай мемлекетінен 1 млн.$ құрал-жабдықтары сатып алғанын айтып, жобаны жүзеге асыруға 1 мВт электр желісі қажет екендігін тілге тиек етті.

Банан, авокадо, ананас, манго өсіруді мақсат еткен «Gen Group Kazakhstan» ЖШС директоры Ислам Алиев пен тұт ағашын өсіруші «Тасболатов» ЖК, газ сақтау бекетін салуды жоспарлаған «Турдалиев» ЖК өкілдері аудан басшысына өз жобаларын іске асыру үшін жер телімі қажет екенін айтты.

Ауданға инвестиция салуға ниетті жеке кәсіпкерлердің мәселелерін тыңдаған аудан басшысы аудандық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, аудандық Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөліміне тікелей тапсырма беріп, инвесторларға қажетті жер телімі бойынша талдау жұмыстарын жүргізіп, нақты жоба ұсынуды тапсырды.

Сондай-ақ кездесу барысында Алюминий бұйымдарын өндіру, алюминий құймалар мен өзектер өндіретін «Gold Aluminium» ЖШС-нің өкілі аталған нысанда инфрақұрылым қажеттілігі бойынша уәжін ортаға салды.

Кәсіпорын жауаптысының айтуынша бүгінгі таңда кәсіпорынның құрылыс монтаждау жұмыстары аяқталып, 27 қыркүйекте мемлекеттік қабылдаудан өткен. Алайда өндіріс ошағына нтернет желісін жүргізу қажеттілігі туындауда.

Аудан әкімі Азат Әбдіғалиұлы кеңеске қатысқан инвесторлардың жобаларына сәттілік тілеп, оларға барынша ыңғайлы шарт-жағдай жасауға әкімдік тарапынан қолдау көрсетілетіндігін жеткізді.

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ