Ордабасы: халықты бірлікке шақыруда діни бірлестіктердің маңызы жоғары

Рухани келісім күніне орай аудан әкімі Азат Оралбаев мешіт имамдарымен кездесті. Басқосуда аудан басшысы құттықтау сөз сөйлеп, айтулы күннің мән-маңызына тоқталды.

«Аудан аумағында 17 этонс өкілдері тұрады. 53 діни бірлестік (Мешіт) пен филиал жұмыс істейді. Діни бірлестіктердің басшылары бүгінде конфессиялық ортадағы мемлекеттік бастамаларға қолдау көрсетіп, діни толеранттылықты нығайтуға және қазақстандық қоғамның бірлігі мен тұрақтылығын сақтауға елеулі үлес қосуда. Біз бұл бағыттағы мемлекеттік жобаларды онан ары жетілдіріп, аудан аумағындағы түрлі этностарды бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай тату-тәтті өмір сүруге бағыттаймыз. Осы орайда ауданымыздың рухани дамуына, тұрғындарды бірлікке шақыруда еңбек етіп жүрген баршаңызды айтулы мерекемен құттықтаймын», деді аудан әкімі.

Кездесуде аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ораз Есқараев, ауданның бас имамы Айдос Керімбаев рухани саланы дамыту жөнінде өз ойларын ортаға салды.

Өз кезегінде діни қызметкерлер, ардагерлер жергілікті атқарушы орган басшыларымен аудан аумағындағы діни жұмыстар жөнінде пікір алмасты.

Аудан басшысы Азат Әбдіғалиұлы бірқатар діни бірлестік өкілдерін арнайы Алғыс хаттармен марапаттады.

Мерекеге орай аудан имамдары арасында спорттық іс-шара ұйымдастырылып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталды.

ПІКІР ЖАЗУ