Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Ордабасы: Бүгін аудан әкімі Нұрбек Бадырақов аудан ардагерлерімен кездесіп, серпінді ауданды басқару жұмысында қариялардың батасын алды.

Ардагерлермен жүздесуде аудан басшысы ауданның даму перспективаларын атап, алдағы міндеттерді саралады.

«Ордабасы ауданы – қасиетті өлке. Бұл ауданның өсіп-өркендеуі қарқынды екенін білемін. Сондықтан өркенді ауданды басқаруды зор жауапкершілікпен қабылдап, іргелі ауданды дамыту бағытында жұмыстарды өздеріңізбен бірлесе отырып атқаратын боламыз. Бұл істе ардагерлер әркез қолдау білдіреді деген сенімдемін», – деді аудан әкімі Нұрбек Бақтыбайұлы.

Кездесуде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразәлі Есқараев, «Әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Г.Тайтелиева, «Әжелер» алқасының төрайыма Айымгүл Көкішова, «Әкелер» мектебінің төрағасы Лесбек Жүсіп пен ауданның бір қатар еңбек ардагерлері аудан басшысының жұмысына сәттілік тіледі.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Балалардың спорттық және шығармашылық әлеуетін дамытуға арналған орындар ашылуда

admin

Түркістан облысында қоршаған ортаны ластағандар айыппұл төледі

admin

Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды

admin