Ордабасы: БАҚ өкілдері «Бөрте Милка» сүт-тауарлық фермасының жұмысымен танысты
Бүгін Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен ауданымыздың бірқатар өндіріс орындарына көшпелі пресс тур өткізілді.
Ақпараттық шараға республикалық, облыстық, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары мен өкілдері қатысып, ауданда атқарылған ауқымды жобалармен танысты.
Іс-сапар барысында төртінші билік өкілдері «Бөрте Милка» ЖШС-автоматтандырылған жаңа технологиялық сүт-тауарлы зауытының өндіріс базасын аралап көрді.
Жалпы өндіріс алаңы 3,0 гектар аумақта орналасқан өндіріс кешені тәулігіне 50 тонна сүт өнімін өңдейді. Сүт өңдеу зауытына Италия мемлекетінің «Технолат», «SPX», «FBF» компанияларының құрал-жабдықтары қойылған.
Зауыт басшысының хабарлауынша сүт өңдеу зауыты іргесін кеңейтіп, өндірістік қуаттылығын қосымша тәулігіне 9 тоннаға ұлғайту үшін «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы қаржыландырылмақ. Бүгінге дейін несие комитетінің оң қорытындысын алған.