Ордабасы аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының отырысы өтті

Бүгін Ордабасы аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының отырысы өтті. Фракция отырысына Ордабасы ауданының әкімі Азат Әбдіғалиұлы, аудандық партия филиалының төрағасы, фракция жетекшісі Әлиасқар Байдуллаұлы, аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелері, тиісті дербес бөлім және мекеме басшылары, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Фракция мәжілісін «AMANAT» партиясының Ордабасы аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясы жетекші Ә.Бердімұрат ашып, жүргізді.

Фракция отырысының күн тәртібінде «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының қаулысымен бекітілген «AMANAT» партиясының Ордабасы ауданы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының 2023 жылдың 10 айында орындалуы бойынша аудан әкімі Азат Оралбаев баяндама жасады.

«AMANAT» партиясының Ордабасы аудандық филиалының төрағасы, фракция жетекшісі Ә.Бердімұрат сайлауалды бағдарлама аясында бекітілген Жол картасының орындалуы бойынша Ордабасы аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары  Д.Әуелбековаға аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстары туралы әр ай сайын мәліметті жүйелі түрде жолдап отыру туралы ұсынысын жеткізді.

Сондай-ақ, фракция мүшелері тарапынан Ордабасы аудандық  тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлім басшысының орынбасары А.Балабиевке елді мекендерге биылғы жылы пайдалануға беру жоспарланған газ және ауыз су мәселелері бойынша мерзімінде аяқталуын қадағалауды тапсырды. 

Сонымен қатар, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастар бөлімі басшысының орынбасары Нұрболат Бердімұратовқа «Жер аманаты» бағдарламасы бойынша жыл соңына дейін жылдық жоспарды орындауды қамтамасыз етуді міндеттеді.

«Жасыл ел»  еңбек топтарын ұйымдастыру іс-шарасы бойынша жылдық жоспарды орындау аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Ә.Баймахановаға тапсырылды.

Отырыс қорытындысында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша фракция мүшелері тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылып, олардың орындалуы бақылауға алынды.

ПІКІР ЖАЗУ