Өңірдегі агроөнеркәсіптік кешеніндегі инвестициялық жобалардың іске асырылуы туралы

 

Жол картасы бойынша ауданда 3 жоба ауыл шаруашылығы басқармасына ұсынылды.

– Кемеқалған ауылдық округінде “Қазығұрт бақтары” АШӨК 500 тонналық қойма құрылысын жүргізіп, 150 млн теңге инвестиция тарту бағытында жұмыс жасауда.

Бүгінгі таңға нысанның әкімшілік ғимараты тұрғызылып, үсті жабылған. Ал, қойманың қабырғасы қаланып, үсті жабылмаған. Жұмыстар жүргізілуде.

– Киелітас ауылдық округіндегі «Агро экспорт -2050» ЖШС (басшысы Хаджиметов Вохитбек) 11 га жылыжай кешенінің құрылысын салуды 2022 жылы бастап, 2023 жылы аяқтауды жоспарлауда.

«Аграрлық несие корпороциясы» АҚ арқылы 10 млрд теңге несие алуға құжаттарын өткізген, оң қорытынды күтуде.

– Көксәйек ауылдық округіндегі «АДС Агро» ЖШС 1800 бастық мал бордақылау алаңын ұлғайтып, мал басын 3000 басқа жеткізуді жоспарлауда.  Бүгінгі күнге, «Аграрлық несие корпороциясы» АҚ-нан 536,0 млн теңге несиеге қол жеткізіп жұмыс жасауда.

Бүгінгі таңға 1280 бас жылқы малы сатып алынып, өсірілуде.

Аудан аумағында 85 шаруашылық қымыз өндірумен айналысуда, 8 айда өндірілген қымыз көлемі 1960 тонна өнім, жыл соңына дейін 2200 тонна өнімге жеткізу жоспарлануда.

Аудан аумағында 56 шаруашылық бал ара шаруашылығымен айналысады, жалпы ұяшық саны 4153 дана, өндірілген бал көлемі 83 тонна, оның ішінде 45 тоннасын «SUN BEE UGAM» ЖШС (ұяшық саны 1800 дана) өндіреді.

Жанар жағармай мен минералды тыңайтқыштар бойынша мәлімет

Төлеби ауданына 2022 жылы көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге               2545 тонна жеңілдетілген бағада жанар жағар май бөлінген. Жанармайдың босатылу бағасы 193 теңге. Ақпан айына 110 тонна, наурыз айына 650 тонна, сәуір айына 660 тонна, мамыр айына 780 тонна, маусым айына 345 тонна  бөлінген. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге аудан бойынша                            112 кәсіпкерге 1530 тонна жанармай берілді.

Күзгі дала жұмыстарын жүргізуге 2530 тонна жеңілдетілген бағада жанар жағар май бөлінген. Жанармайдың босатылу бағасы 200 теңге. Шілде  айына 455 тонна, тамыз айына 645 тонна, қыркүйек айына 780 тонна, қазан айына 650 тонна жанармай  бөлінген. Қазіргі кезде аудан бойынша 74 кәсіпкерге 980 тонна жанармай берілді, күзгі дала жұмыстарын жүргізуге ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге жанармай босатылуда.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы аудан аумағындағы 234 АШТӨ 1104 тонна минералды тыңайтқыштар алып, егіс алқаптарын үстеп қоректендіру жұмыстарын жүргізді.

 

 

ПІКІР ЖАЗУ