Өнегесі көп – еңбек жолы
Қыркүйек айында Қазақстанда жұмысшы мамандықтарды құрметтеу және еңбектің маңыздылығын жастайынан ұғындыру дәстүрлерін жаңғырту мақсатында Еңбек күнін атап өту дәстүрге айналып келеді.
Осыған орай, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі ұйымдастыруымен еліміздің тұрғын үй құрылысын дамытуға зор үлес қосып жүрген жеке кәсіпкер Бекмұхамбет Жолановпен кездесу өтті.
Іс-шараға 60-тан астам жастар қатысты. Жиында кәсіпкердің тәжірибесі мен жетістіктері туралы өнегелі әңгіме қозғалды.
Кездесу барысында Бекмұхамбет Жоланов тұрғын үй құрылысындағы жаңалықтар, инвестициялар және сапалы тұрғын үйдің маңызы жөнінде өз ойларын бөлісті. Оның еңбек жолы жастарға үлгі болып, еліміздің құрылыс саласына қосқан үлесі атап өтілді.
Іс-шара қатысушылары кәсіпкердің еңбек жолынан шабыт алып, сұрақтар қойып, пікір алмасты. Кездесу соңында қатысушылар Бекмұхамбет Жолановқа ризашылықтарын білдіріп, алдағы жұмыстарында табыс тіледі.