Олжас Сулейменов арнайы баспасөз концеренциясын ұйымдастырды

Ақын, қоғамдық қайраткер Олжас Сулейменов арнайы баспасөз концеренциясын ұйымдастырып, өзінің партия құратынын жариялады. Партия “Қазақстан халық конгресі” деп аталмақ.

«Халық монотілді. Қазақ немесе тек украин, орыс тілінде бола алмаймыз. Біз совет одағы кезінде монотілді мемлекет ретінде қалыптасып қойдық. Өз ойымызды қазақ тілінде де, орыс тілінде де жеткізе аламыз. Сол себепті осы тілдердің бірін шектеуге болмайды. Бұл зиян. Біз қазір Украинада не болып жатқанын көріп отырмыз. Онда дарынсыз саясаткерлер бір тіл ретінде украинды бекітті де, ақыры Украина өзінің мемлекеттігін жоғалтып алды», – дейді Олжас Сүлейменов.

Қоғам қайраткерінің оң жағында «Хабар» арнасын басқарған Ерлан Бекқожин, ал сол жағында экс депутат Омархан Өксікбаев отыр.
«Қазақстан халық конгресі» партиясы 1991 жылы қазанда құрылған. Яғни, бұл жолы Олжас Сүлейменов оны жандандырғалы отыр. Еліміздің тәуелсіздігінің алғашқы жылдары өзін либералды-демократиялық саяси қозғалыс ретінде көрсеткен партияның тең төрағалары ақын Мұхтар Шаханов пен Олжас Сүлейменов болатын. 1993 жылы Шаханов партиядан шығып, Қырғызстандағы елші атанды. Ал 1995 жылы Сүлейменов Италияға Қазақстанның елшісі болып, партия саяси сахнадан бірте-бірте жоғалып кеткен.

Дәл қазір қозғалыстың 6 облыста өз кеңестері пайда болды, және алдағы уақытта еліміздің барлық облысында партия кеңестері құрылмақ. Бұл кеңестердің негізгі мақсаты – партия бағдарламаларын және идеяларын халыққа кеңінен таныстыру, сонымен қатар азаматтардан келіп түсетін ұсыныстар мен өтініштерді түрлі диалогтық платформаларда талқыға салу болып табылады.

ПІКІР ЖАЗУ