Өлген тауыс Шымкент зообағына келушілерді қорқытты
Шымкент қаласының тұрғыны Диана Мирсиева хайуанаттар бағын аралап жүріп өлі тауысты байқап қалған. Ол құс қауырсындарының қалдықтарын видеоға түсіріп, желіге жариялаған. Шамасы, тауыс баяғыда өлген.Диана павильонға барар жолда-ақ жағымсыз иіс болғанын айтты.
Шымкент зообағы директорының орынбасары Зульфия Ғаниева қызметкерлердің өлген құсты дер кезінде байқамағанын түсіндірді. Тауыс өлімінің себебін анықтау мүмкін болмады.
Құстар тұратын вольер өте үлкен. Ол шағын көлдің артында орналасқан. Ал онда құстардың түр-түрі бар. Негізінен біразы үй құстары, оның ішінде тауыстар да бар еді. Әрине, бақ қызметкерлері оларға қарайды, тазалайды. Өлімнің себебін де айта алмаймын. Бір жағынан тауыс өзі бүгін жүріп, ертең басын салбыратып тұратын құс.
Айтуларынша, хайуанаттар бағының қызметкерлері тауыстың өлігін зообақтан алып тастады.