Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Оқушылардың жаппай төбелесі: Министрлік мәлімдеме жасады

 Астана қаласында болған жағдайға байланысты барлық қатысушы жасөспірімдер анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің мәлімдеуінше, кәмелетке толмағандарға қоғамдық орында бұзақылық жасау дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Мектепте профилактика кеңесінің отырысы өтіп, жасөспірімдер мектепішілік есепке қойылды. Оларға қатысты жеке профилактикалық жұмыс жоспары бекітілді. Балалармен және олардың ата-аналарымен психологиялық-педагогикалық және құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, құқықбұзушылықтың салдары түсіндіріліп жатыр, — делінген комитет мәлімдемесінде.

Материалдар кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қарауына жолданды.

Еске сала кетсек, әлеуметтік желілерде балалардың төбелескен видеосы жарияланған болатын. Видеода жерде жатқан баланы бір жасөспірім ұрып жатқан сәт көрінеді. Оны үшінші бала тоқтатуға тырысады.

Сәйкес жаңалықтар

Созақ: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары жөнінде жиын өтті

admin

Түлкібас: «Сыр шерткен бізге көнеден, ұрпаққа үлгі өнегең» шешендік сөздерді жатқа айту байқауы өтті

admin

Ақтаудағы ұшақ апаты: Тоқаев ерлік танытқан азаматтарды марапаттады

admin