Оқушы сабаққа бармау үшін бомба туралы жалған хабарлама таратқан

Қарағанды облысында құқық қорғау органдары Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-лицейде жарылғыш құрылғылар орнатылғаны туралы екі рет жалған ақпарат берген кәмелетке толмаған оқушыға қатысты қылмыстық іс қозғады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл оқиғалар 2 және 3 қыркүйекте орын алды. Өзін қала мектептерінің бірінің оқушысы ретінде таныстырған белгісіз адам төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне хабарласып, оқу орнындағы “жарылғыш зат” туралы айтқан. Тексеру барысында ақпарат расталмады. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Қарағанды облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мектеп-лицейдің кәмелетке толмаған оқушысының “жалған терроризмге” қатысы бар екенін анықтады. Ұсталған баланың айтуынша, ол сабаққа қатысқысы келмей, осындай қадамға барған.

Оның ата-анасы тәрбиелеу бойынша міндеттемелерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Аталған жағдай мұндай “әзілдің” орынсыз екендігін және жасөспірімдердің әрекетін бақылау қажеттігін көрсетеді.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/qaraghandylyq-oqushy-sabaqqa-barmau-ushin-bomba-turaly-zhalghan-habarlama-taratqan/

ПІКІР ЖАЗУ