Округ тұрғындарының өтініш-ұсыныстары тыңдалды

Қараша айына жоспарланған есеп беру жиыны Тастұмсық және Балықты ауылдық округ тұрғындармен жалғасып, аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Жанесен Марат Сүгірәліұлы тоқсан сайынғы есеп беру жиынында тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстар мен өтініштерді іске асыру жөнінде есеп берді. Тастұмсық ауылдық округінде өткен кездесулер барысында көтерілген ауыз су, жаяу жүргіншілер салу, жер қатынастары, ағын су мәселелері бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.

Ал, Балықты ауылында өткен кездесуде көтерілген 12 мәселе бойынша қазіргі таңда қандай жұмыстар атқарылып жатқаның айтып өтті. Бүгінгі таңда оның үшеуі жүзеге асқан. Атап айтсақ, бірінші Балықты ауылындағы жайылым жерлерін кеңейту мәселесі болатын. Округ бойынша 2545 га. жайылым жерге меморандум жасалып, биылғы жылдың жоспары бойынша 700 га. жайылым жер ортақ жайылымға қайтарылды. Екінші мәселе Абай ауылында алтын қазу қазба жұмыстары бойынша экологиялық сараптама жүргізу туралы мәселе көтерілген болатын. Бұл мәселе бойынша қоғамдық тыңдау жүргізіліп, нәтижесінде Арыс ауылдық округіне қарасты Қайыршықты ауылында алтын кен орнына ашық әдіспен тау-кен жұмыстарының жүргізілуіне байланысты қазба жұмыстары жүргізілмейтін болды. Қоғамдық тыңдауда аудио, видео жазба жасалынып, хаттамасы түзіліп, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің арнайы электронды порталында жарияланған болатын. Үшінші мәселе бойынша округтегі тозығы жеткен ауыз су құбырларын қыс мезгіліне дейін ретке келтіріп, күн суыған шақта ауыз су мәселесі бойынша туындайтын қиындықтардың алдын алу болатын. Бұл мәселе де өз шешімін табуда. Ретке келтіру жұмыстары «Тұраркент-су» МКК тарапынан жүргізілуде. Шешімін таппаған басқа мәселелер жол соңына дейін және келесі жылға жоспарланып отыр. Қос ауылдық округ тұрғындарымен өткен кездесуде ағын су мәселесі, жол және интернет, жаңа көшелелерге газ құбырларын тарту мәселелері айтылды.

Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ