Облыстың екі ауданындағы полиция басшыларының есебі департаментте тыңдалды

Полиция генерал-майоры М.Қабденов жиналыс өткізіп, Арыс, Шардара аудандарының жыл басынан бері атқарылған жұмыстарын қарап шықты.

Арыс аудандық полиция бөлімінің бастығы Б.Қуатов өз баяндамасында: «Өткен жылғы қылмыс динамикасымен салыстырсақ, ағымдағы жылы қылмыс 30,2%-ға кеміді. Жалпы істердің ашылу пайызы– 91,7 құрады. Оның ішінде бөтеннің мүлкін ұрлау 38,5%-ға төмендеген. Пәтер ұрлығы 50%-ға, алаяқтық 64,3%-ға азайған.

Жыл басынан бері интернет алаяқтық, сонымен қатар теріс ағымға түсіп кетудің алдын-алу бағытында Арыс ауданы тұрғындарымен 12 кездесу өткізілді. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында патрульдік полициямен 1945 хаттама түзілген. Отбасы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша қорғау нұсқамасы қойылғаны – 84, ерекше талап белгіленгені –7»-деп атап өтті.

Сонымен қатар Шардара аудандық полиция бөлімінің бастығы Ш.Әділханұлы: «Аудан көлемінде профилактикалық іс-шаралар күшейтілуде, қылмыстардың алдын-алу бағыты бойынша кешенді жұмыстар ұйымдастырылуда»-деді.

Одан бөлек ауданның полиция басшылары жол көлік оқиғаларының алдын-алу және қорғау жүйесі арқылы жұмысты жақсарту мақсатында сергек бейнекамераларын орналастыру сынды бірқатар қажеттіліктер бойынша ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ