Облыстың әдеп жөніндегі уәкілі кездесу-семинар өткізді.

11.11.2022 жылы Түркістан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі – Исаев Махсат Шамансурұлы бекітілген кестеге сәйкес, Түлкібас ауданының Рысқұлов ауылдық округі әкімшілігінің ғимаратында 15:30-да Рысқұлов, Балықты, Тастұмсық, Мичурин ауылдық округтерінің әкімдері және мемлекеттік қызметкерлерімен 16:30-да Майлыкент ауылдық округі әкімшілігінің ғимаратында Майлыкент, Ақбиік ауылдық округтерінің әкімдері және мемлекеттік қызметкерлерімен Әдеп кодексі талаптарын сақтау және “Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу” бойынша кездесу-семинар өткізді. Семинар барысында Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметкерлерге Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамаларының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері кеңінен түсіндіріліп, сұрақ-жауаппен жалғасты.

ПІКІР ЖАЗУ