Облыстық мәслихат төрағасы шардаралық шаруалармен кездесті
Облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Абишов Шардара ауданындағы мақта жиын-теріміне қатысты кезект кездесуін өткізді. Бұл жолы ауданға қарасты Қоссейіт ауылының шаруаларымен кездесіп, жиынға аудан әкімі Қ.Жолдыбай, құқық қорғау саласының қызметкерлері, ауыл әкімі және тиісті мекеме басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Мақсат шарулардың шағымын тыңдап, биылғы науқан мақта егістігінде орын алатын проблемаларға назар аудару. Жиынға қатысқан шаруалар шаруашылықта тап болатын жылдағы мәселенің мәнісін айтып көтерді. 50-ден аса шаруа жиналған басқосуда мақта қабылдау пунктері мен мақта өңдеу зауыттарының басшыларына да қатаң ескертулер берілді. Мақташылардың мәселесіне назар аудармайтын жауаптыларға да сын-ескертпелер айтылды.
Жиында Н.Абишов әр ауылдық округтерде белгіленген комиссиялық топ жұмыс жасайтынын айтып, мақта қабылдау пунктерінде заңсыздық орын алған жағдайда біз бәріміз мәселенің оң шешілуіне ықпал жасаймыз. Жылдағы мақта мәселесіндегі айғай-шу мен заңсыз әрекеттерге тосқауыл қойылады деп атап өтті.
Жалпы Қоссейіт ауылында халық саны-4991 адам. Шаруа қожалықтар 600-ге жуық. Егістік жер көлемі 6796 болса, Оның ішінде мыңнан аса шаруасы мақта егумен айналысады.
Жиын соңында шаруаларға мақта жиын-терімі аяқталғанша барлық мәселе назарда болатыны айтылып, мәселе тұрақты бақылауға алынатыны жеткізілді.