Облыс аумағында жолда қабылдау акциясы өтуде

Түркістан облысы Полиция департаменті Арыс аудандық полиция бөлімі “Жолда қабылдау” акциясын өткізуде.

Шараның мақсаты- әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша салынған айыппұлды төлеу тәртібі, көлік құралдарын тіркеу, есептен шығару, жаңадан мемлекеттік нөмір алу, жүргізушілік куәліктерін алу, көлік құралдарын қайта жабдықтау, қаруды алу мен сақтауға рұқсат алу.

Осыған орай Арыс аудандық полиция бөлімінің басшылығы мен қызметкерлері азаматтарды қабылдау бөлмесінде аудан халқының мазалаған сұрақтарына жауап берді.

Яғни 30 ға жуық адам келіп, жергілікті полиция қызметі мамандарының қызметіне жүгінді. Полицейлер олардың арыз-шағымдары мен өтініш-тілектерін тыңдап, құқықтық кеңес берді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ