“Nur Otan” партиясы — игі істің ұйытқысы

Шымкент қаласының тұрғыны Айман Муталиеваның баспаналы болып төрт баласымен бірге қоныстой жасауы сол сөздің дәлелі. Бұл өмірде қуаныш пен қиындықты қатар алып келе жатқан қайсар аналар көп. Соның бірі көпбалалы, жалғызбасты ана – Муталиева Айман Досимовна.

Ол «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының «Қоғамдық қабылдауға» тұрғын үй мәселесі бойынша қоғамдық қабылдауда болған.
Қоғамдық қабылдаудан соң Шымкент қалалық «Әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Жандосова Баян Айтбековна азаматшаның тұрмыс тіршілігімен танысқан.
Мониторинг жұмыстарынан кейін, «Харекет» қайырымдылық қорының алдағы жұмыстарымен танысып, жоғарыда аталған азаматшаның тұрғын үй кезегіндегі мәліметтеріне мән берілген. Жолдасынан ерте айырылған отбасы 3 қыз, 1 бала тәрбиелеп отыр. 1 баласы денсаулығына байланысты медициналық есепте тұр. Сонымен қатар көптеген жылдар бойы тұрғын үй кезегінде тұрған.
Пәтер ақысын төлеуден әбден қажыған ана жуырда “Nur Otan” партиясы, Еңбекші аудандық филиалы Шымкент қалалық филиалы және партияның жанынан құрылған Отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі кеңес Айман Муталиеваның жағдайын назарға алып, қоғамдық бірлестіктермен бірге оның баспаналы болуына ықпал етті.

ПІКІР ЖАЗУ