«Нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыру жүзеге асырылуда

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында полицейлер ортақ пайдаланылатын орындарды ластаудың дерегін бейнебақылау арқылы анықтауда. Халықты «нөлдік төзімділік» қағидатына дағдыландыру, ұсақ бұзақылықтарға жол бермеу бағытында Қазығұрт аудандық полицейлері жан-жақты алдын алу шараларын жүргізуде.

Осы орайда қоғамдық орындарды ластау жайттарына қарсы бейнебақылау камералары арқылы анықталған құқық бұзушылықтарға дер кезінде ден қойып, ескерту берілуде.

Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бейнебақылау жүйесі арқылы қаламызда қоғамдық орындарға қоқыс қалдықтарын тастаудың, темекі өнімдерін қалдырудың жыл басынан 700 ге жуық фактісін анықтады. Аталған құқық бұзушыларға «Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау» бабымен әкімшілік шара көрілді.

Әрбір аудан тұрғындарын кез келген құқық бұзушылыққа төзбеушілік – тәртіп пен бейбіт өмірдің бастауы екенін ескертеміз. Сіздерді қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырамыз.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ