Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚұқық

Несиесін жабу үшін танысының телефонын ломбардқа өткізіп жіберген

Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғаны жөнінде шағым түсірді. Ер адамның айтуынша, танысы Iphone-11 Pro маркалы ұялы телефонын шұғыл біреуге қоңырау соғамын деп алып, телефонын қайтармастан оқиға орнынан ізін суытқан. Жәбірленушіге 500.000 теңге шығын келген. Полицейлер аталған фактіні ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.

Ақпарат алысымен тәжірибелі полиция қызметкерлерінен құрылған жедел-тергеу тобы күдіктіні ұстауға жұмылдырылды. Тыңғылықты ізденістің нәтижесінде бір тәулік ішінде күдіктінің жеке басы анықталып, жеткізілді.

Белгілі болғандай, күдікті танысының ұялы телефонын алған бойда ломбардқа өткізіп, несиесін жапқан. Тәртіп сақшылары қолды болған ұялы телефонды тәркілеп алып, заңды иесіне қайтарды.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан облысында «Мамандығым – болашағым» жобасы іске қосылды

admin

В Семее прошло праздничное мероприятие, посвященное Дню единства народа Казахстана

admin

Талдыкөлден эвакуацияланған тұрғындарға дәрігерлер көмек көрсетуде

admin